ВКС арқылы өткізілетін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ашық кураторлық сағатың өткізу Жоспары.


ВКС арқылы өткізілетін  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ашық кураторлық сағатың өткізу Жоспары.

СЦЕНАРИЙ

Тақырыбы:  «Жеңіс үшін Атаға рахмет!» ( «Спасибо деду за Победу!»)

Ұйымдастырушы әрі жүргізушы: Т-19-1 тобының кураторы Аяпбергенова Б.Е., «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы.

Қатысушылар: Т-19-1 тобының студенттері, «Көлік құрылысы»,  «Сәулет » оқыту бағдарламасы бойынша оқитын студенттер, Сәулет-құрылыс факультетінің кураторлары,  СҚФ деканы М.Ө. Иманов, СжД кафедрасының қ.а. А.К. Қожас.

Мақсаты: «Рухани Жаңғыру»бағдарламасын, «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыру. Патриоттық тәрбие. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың ерлігін үлгі ете отырып, олардың есімдерің мәңгі есте сақтау.

Көрнекілігі: слайд-презентация

Күтілетін нәтиже:  Оқушылар Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсінеді. Ұлттық патриоттық сезімі қалыптасады.Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет алады. Елін, жерін, Отанын қорғауға оны сүюге тәрбиеленеді.

Алғы сөз.

Армысыздар, құрметті қонақтар, студенттер, оқытушылар, әріптестер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жатыр. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі Ұлы Жеңістің 75жылдығына  арналатын ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 75 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы.

Ерлікке тағзым.

1941 жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Осы соғысқа Қазақ жерінен 1 млн.200 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты. Ал көпшілігі хабарсыз кетті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ендеше сол соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан батырларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.  Отан үшін жаның қиған боздақтардың ерлігіне тағзым етейік.

1минут үнсіздік жарияланады.

Рахмет!

Негізгі бөлім

Ер есімі — ел есінде. Бесжигитов Аяпберген.

Қатысушыларға интернеттен бейнебаян көрсетіледі. Комментарий беріледі.

Қорытынды

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ даусы мәңгілік жойылсын.

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын.

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс! Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Ссылки:

Ответственный организатор куратор группы ТС-19-1 Аяпбергенова Б.Е.

 

Без рубрики