Исатаева Фарида Муратовнаның докторлық диссертация қорғауы туралы  


Қарағанды техникалық университетінде PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Исатаева Фарида Муратовнаның 6D070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша «Құсмұрын кен орнын геология-экономикалық бағалаудың теориялық және практикалық аспектілерін әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасында орындалған.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орысша.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Портнов Василий Сергеевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының меңгерушісі.
  2. Рудько Георгий Ильич – геология-минералогия ғылымдарының докторы, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Пайдалы қазбалар қорлары бойынша Украинаның мемлекеттік комиссиясының төрағасы, Киев қ.

Пікір жазғандар:

  1. Аршамов Ялкунжан Камалович – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, бірлескен профессор, Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің Геология, мұнай және тау-кен ісі институты директорының орынбасары, Алматы қ.
  2. Антоненко Анатолий Анатольевич – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Қ.И. Сатпаев атындағы Геология ғылымдарының институты» ЖШС зертхана басшысы, Алматы қ.

Онлайн қорғау  2020  жылғы 10 шілде, сағат 15.00-де.

Диссертациялық кеңестің мекен-жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, 2-корпус.

Сайт адресі:  http://www.kstu.kz/dissertatsionny-j-sovet/,
e-mail: adambekova_farid@mail.ru

 

 

Без рубрики