ҚАРМТУ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО ВЕБ-САЙТТАР РЕЙТИНГІНДЕ  2-ШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ


Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚА/IQAA) ұсынған 2020 жылға арналған қазақстандық ЖОО веб-сайттарының рейтингінің мәліметтері бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ресми сайты Қазақстан Республикасының 101 ЖОО арасында тек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алға жіберіп, 2-ші орынға ие болды.

Сондай-ақ үздік үштікке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті енді.

БСҚА/­IQAA­ ұлттық рейтингінде ЖОО веб-сайттары саралаудың 9 өлшемі бойынша бағаланды:

A – веб-сайт өлшемдері;

B – ақпараттық толықтыру;

C – сайттың жаңартылуы;

D – дизайн және сайт навигасиясындағы қолайлылық;

E – сайтты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсыну;

F – кіру көрсеткіші;

G – сайтқа жасалатын сілтемелер саны;

H – сайт жылдамдығы;

I – әлеуметтік желілер саны.

 

Сонымен қатар, сайттың жаңартылуы мен жылдамдығының көрсеткіштері бойынша ҚарМТУ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан озық тұрса, ал әлеуметтік желілер саны бойынша кем түспейді.

Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетінің оқытушыларының, қызметкерлерінің, докторанттарының, магистранттары мен студенттерінің 14 мың ұжымын кезекті лайықты табысымен құттықтаймыз!

Жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики