2020 жылдың 25-сәуірінде «Zoom» платформасы арқылы «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты онлайн дөңгелек үстел өтті (қатысқан адамдар саны — 50).
Дөңгелек үстелдің мақсаты-сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру,студенттік ортада парасаттылықты тәрбиелеу. студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат беру және көрсету.
Онлайн-дөңгелек үстелде «Саналы ұрпақ» университеттік клубының жетекшісі, магистр Мусаева Ж. Т. «Мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұғымының мәнін, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрудың негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы; білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу бойынша жұмыстар туралы ашып берді. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, осы «зұлымдыққа» қарсы күрес ең алдымен өз-өзінен; әр отбасынан басталуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
ТІ жөніндегі проректор Алпысбаева Н.А. өз сөзінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы», «Бәсекеге қабілеттілік» сияқты негізгі бағыттарын жүзеге асыру сыбайлас жемқорлықпен, академиялық адалдық қағидаларын бұзумен үйлесімсіз екенін атап өтті. Сондықтан әркім өздерінен бастау керек — адал оқу, сессияны адал тапсыру, адал жұмыс істеу. Бұл біздің өміріміздің нормасы болуы керек.