ЕЛІМІЗДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ПӘРМЕНДІ ШАРАЛАР


Біздің елде коронавирус СOVID-19 пандемиясы қарқынды болмағанымен, бірақ әлі де қауіпті болжамсыз даму кезеңіне жетті.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жаңа үндеуінде төтенше жағдай режимін ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы жарлықты жариялады.

Осы жағдайда азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, елдегі әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеті болып қала береді. Бұл ретте, мемлекеттің азаматтар мен бизнесті пәрменді қолдауға бағытталған қаржы қаражатының жалпы көлемі 6 трлн.теңгені құрады.

Дағдарыстан кейінгі кезеңге басталған дайындық шеңберінде неғұрлым зардап шеккен салаларды қолдауды қамтитын экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қалыптастырылады. Пандемиядан туындаған төтенше жағдай сабақтарын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқару жүйесін ауқымды трансформациялау көзделген.

Вирустың шектеулі таралуына тиімді бақылау жасалған өңірлерде және қалаларда ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша карантин шарттарын белгілі бір жеңілдету болуы мүмкін. Бірінші кезекте, барлық санитарлық талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, өнеркәсіп, құрылыс және көлік жүйе құраушы кәсіпорындары, банктер, ХҚКО өз жұмысын бастайды. Жаяу серуендеуге, саяжай учаскелеріне шығуға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, «жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектептерде қашықтықтан оқыту сақталатынына» назар аударылды. Біздің өскелең ұрпақ пен болашақ мамандардың денсаулығы вирустық шабуылдардың кездейсоқ көбеюінен сақтандырылуы тиіс.

Бұл жағдайда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде онлайн режимінде білім алушылардың 12 мыңдық контингенті емтихан тапсыруға және бітіру жұмыстарын қорғауға дайындық бойынша үлкен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүргізіліп жатыр. Прокторинг жүйесі (жеке тұлғаны сәйкестендіру және студенттердің қашықтық режимде емтихан тапсыру процедурасын автоматтандырылған бақылау жүйесі) жолға қойылады, қажетті ережелер мен нұсқаулықтар дайындалды, профессорлық-оқытушылық құрам, МАК мүшелері үшін тренингтер өткізіледі.

Біздің ортақ ынтымақтастығымызға, тұрақтылығымызға және жауапкершілігімізге күмән келтірмей, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К Тоқаев коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайын объективті бағалау және қабылданып жатқан жаңа карантиндік шаралар бойынша сөйлеген сөзінде былай деді: «Біз бірлесе отырып барлық қиындықтар мен проблемаларды шеше аламыз! Біз біргеміз!».

ҚарМТУ ректоры, профессор, техника ғылымдарының докторы,
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты М. Қ. ИБАТОВ

Без рубрики