2020 жылдың 19 ақпанында бас ғимараттың аудиториясында Қарағанды облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Қабдыкаримова Гүлнар Раимқұлқызымен кездесу өтті. Қонақ этикалық нормалар, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас және мемлекеттік қызметшілердің орынсыз мінез-құлқының мысалдары туралы презентация дайындады. Кездесу диалог түрінде өтті.Студенттер мемлекеттік қызметке қатысты белсенді сұрақтар қойды.