12 декабря в Колледже инновационных технологий состоялся «Устный журнал», посвященный вечной ценности нашего народа – Независимости


Инновациялық технологиялар колледжінде 12-желтоқсан күні халқымыздың мәңгілік құндылығы – Тәуелсіздікті дәріптеу мақсатында «Ауызша журнал» өтті.

Студенттер арасында ата-бабаларымыздың ерлігін тағы бір мәрте жаңғырту мақсатында өткен бұл іс-шараға 1-курс студенттері қатысты. Студенттер ағылшын пәнінің оқытушысы Тұрысбекова Асем Құрметқызының басшылығымен әр топқа кіріп қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аңсап жеткен тәуелсіздік туралы, осы күнге дейінгі жеткен жетістіктері туралы мәліметтер оқыды.  . Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің жолында басын бәйгеге тіккен ардақты батырларымыздың  ерен еңбегі жайында мәліметтер оқыды.

 

 

Без рубрики