2019 жылдың 12 желтоқсанында сағат 15–00 де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 1 оқу корпусында Жалпы халықтық Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіздік — тұғырым» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Мақсаты: Студент жастарды Отанды сүюге, тарихын білуге, патриотизмге тәрбиелеу.
Танымдық сабақты ұйымдастырып, өткізгендер: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары: ф.ғ.к., Н.Т. Нығметова, аға оқытушы — Г.С. Байпелова.