ҚарМТУ ректоры «Құрмет» орденімен марапатталды


Еліміздің басты мерекесі — Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдениет, ғылым, өндіріс, бизнес және білім беру салаларына қомақты үлес қосқан қазақстандықтарға мемлекеттік наградалар тапсырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2019 жылғы 29 қарашада мемлекеттік және қоғамдық қызметке, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰЖҒА және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Ибатов Марат Кеңесұлы марапатталды.

Марапаттау рәсімі 2019 жылдың 12 желтоқсанында Ақордада (Нұр-Сұлтан қаласы) өтті.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің мыңдаған оқытушылары мен қызметкерлері, студенттер, магистранттар мен докторанттар Марат Кеңесұлын лайықты мемлекеттік награда — «Құрмет» орденімен шын жүректен құттықтайды!

Без рубрики