Әріптесіміз Серіков Тансауле Габдыманапұлын жүзудің ашық қысқы чемпионатында 3-орынмен құттықтаймыз!


Ресей Федерациясының Омбы қаласында жүзу бойынша тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар үшін Омбы облысының ашық қысқы чемпионаты мен біріншілігі өтті.

Біріншілікке біздің әріптесіміз, «Байланыс жүйелері және технологиясы» кафедрасының доцент м.а., PhD Сериков Тансауле Габдыманапович қатысып, онда 25 м баттерфляй стилінде жүзу кезінде 21:01 секунд нәтижесімен үшінші орын алды.

Оған зор денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат, оптимизм, шығармашылық шабыт, спортта және өмірде үлкен табыстар тілейміз.

Жарайсыз!

 

 

 

Без рубрики