«Қазақстан индустриясындағы инновациялар көрсеткіші ретінде ғылыми-технологиялық серпіліс» тақырыбында бірінші курс студенттерінің арасында ағылшын тіліндегі презентациялар конкурсы


«Шет тілдер» кафедрасы

13 қараша 2019ж. 1 корпус 536 аудитория сағат 11.00де

тәрбиелік іс-шара ағылшын тілде өткізілді

Бірінші курс студенттері арасында презентациялар сайысы:

«Қазақстан индустриясындағы инновациялар көрсеткіші ретінде

ғылыми-технологиялық серпіліс»

Негізгі мақсаты: бәсекеге қабілетті маманның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Тәрбиелік іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.

Іс-шараға жауаптылар:шетел тілдері кафедрасы, п. ғ. к., доцент Джантасова Д. Д., тәрбие жұмысына жауапты Изотова А. С., кафедра оқытушылары Ботаева А. У., Какуля Ж. М., Тугамбекова М. А.

1 курс студенттері (АСФ, АТФ, МФ) іс-шара тақырыбы бойынша ағылшын тілінде презентация жасап, машина жасау, құрылыс, информатика, электроника, биотехнология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика саласындағы инновациялар туралы айтты.

Қазылар алқасы: Румыния инженерия профессоры Дорин Исок, ШТ кафедрасының аға оқытушылары Какуля Ж. М., Ярема Т. В., Жданова Э. А. болды.

Аяқтау көрсеткіші: Жаңа гуманитарлық білім алу, шет тілін білу, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру

1 курстың 80 студенті қамтылды.

Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болды:

1.Адамбаева Айшабибі (Диз 19-2) (оқытушы Жданова Э. А.)

2.Адыханова Айсұлу (АРХ 19-4) (оқытушы Жданова Э. А.)

3.Айтимова Алуа (Арх 19-1) (оқытушы Тугамбекова М. А.)

Ағылшын тіліндегі үздік презентация номинациясы бойынша («Best speaking performance») — Қали Гаухартас (СИБ 19-3) (оқытушы Ботаева А. У.)

Ең креативті презентация сертификатына — Гайнулин Азамат (С19с) (аға оқытушы Сеитова Л. А.)

Сонымен қатар, Румыния инженерия профессоры Дорин Исок өзінің cyber training жобасы туралы ақпарат берді.

 

 

 

Без рубрики