2019 жылы 14 қараша күні «Галлуазит нанотүтікшелерін қолданып қара және түсті металдардың коррозияға төзімділігін арттыру» тақырыбы (АҚ «Ғылым фондымен» 23.12. 2016 ж. № 291 келісім-шарт, ғылыми жетекшісі Исағұлов А.З.) бойынша ғылыми-техникалық қызметтер нәтижесін коммерциалиандыру жобасының жүзеге асуы бағалау мақсатында Басқарма төрағасы Орсариев А.А. мен АҚ «Ғылым Фонды» өкілдерінен комиссиясының жұмыс сапары болды.
Комиссия мүшелеріне өндірістің технологиялық ерекшеліктері, өнім үлгілері көрсетілді, маркетинг және елімізбен көршілес елдердің өнеркәсіптерінің арасындағы байланыс мәселелері талқыланды.
Мониторинг нәтижесі бойынша Жобаның орындалуына және маңыздылығына жоғары баға берілді.