Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясы


2019 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясы Жалпы жиналысының сессиясы болды, онда Академияның толық мүшелерінің (академиктерінің) және корреспондент-мүшелерінің сайлауы өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ҚарМТУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰЖҒА академигі Ибатов М. К. Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі болып бірауыздан сайланды!

Осы сессияда ҚарМТУ-дың ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор С. Г. Ожигин Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының мүшелері үміткерлердің жеке өзі және жалпы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өткізетін ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін, өзектілігін және нәтижелілігін, оның ішінде қаржыландырылатын ҒЗТКЖ көлемі, ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру, ClarivateAnalytics және Scopus халықаралық деректер базасына кіретін ғылыми басылымдардағы жоғары рейтингтік жарияланымдар, монографиялар мен патенттер саны бойынша ғылыми өлшемдік көрсеткіштерді атап өтті.

 

 

Без рубрики