ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінде 6 қараша күні 1 курс студенттері арасында «Менің туым, менің Отаным» акциясы өтті. Шараны колледж директоры Н.Смағұлова ашып, барлық студенттерге отансүйгіштік тәрбие берумен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметмен қарау керектігіне тоқталып өтті. Аталған шараға «Менің туым», «Менің Отаным» акциясына 50-ден астам студент қатысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалды, студенттер мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы туралы баяндама жасады.
Акцияның мақсаты — Мемлекеттік Туды кеңінен насихаттау және жастар арасында патриоттық сезімді ояту, сондай-ақ азаматтардың Мемлекеттік туды қолдануға және орнатуға тыйым салу стереотипін жою болатын.