Аймақтағы индустриялық-инновациялық қызметті дамыту мақсатында, «Сарыарка«ӘКК» АҚ Қарағанды облысының Индустрия және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Hackathon» инновациялық марафонын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шара 2019 жылғы 15-16 қарашаға жоспарланған. Марафонының тақырыптары «Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы».
Хакатон (англ. hackathon, от hack (см. хакер) және marathon — марафон) — әзірлеушілер форумы, оның барысында бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің әртүрлі салаларындағы сарапшылар (бағдарламашылар, дизайнерлер, менеджерлер) біраз уақытқа дейін мәселені шешеді. Хакатондар әдетте бір күннен аптаға дейін созылады.
Жүлде қорының көлемі 1 миллион теңгені құрайды:
— Бірінші орын үшін – грамота және 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық;
— Екінші орын үшін – грамота және 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық;
— Үшінші орын үшін – грамота және 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық.
Республиканың түкпір-түкпірінен колледждер мен университеттердің студенттері, жас (бастаушы) кәсіпкерлер, бизнес-қауымдастықтардың қатысушылары және т.б. шақырылады.
Егер сізде өтінішті толтыру немесе конкурсқа қатысуға қатысты басқа сұрақтар туындаса, тел. + 7 7212 98 03 48; сот.: 8 701 740 20 19 хабарласыңыз немесе электрондық поштаға жазыңыз: tallin@ya.ru
Қосымша:1. Положение о конкурсе