2019 жылдың 26 қыркүйегінде ҚарМТУ-дың 2 оқу корпусының 207 аудиториясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі И. М. Кершманмен кездесу өтті. Кездесу барысында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып, мемлекеттік қызметке кіру рәсімдері мен қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге ҚарМТУ бітіруші курс студенттері қатысты (90 адам).