Әлеуметтік — психологиялық студияның алғашқы отырысы


Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жоғары білім жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі — бұл тек жоғары білімді маман даярлау ғана емес, дамыған ақылмен, сонымен бірге тұрақты әлеуметтік және психологиялық жеке тұлғаны қалыптастыру.

19.09.2019 күні әлеуметтік-психологиялық студияның алғашқы отырысы өтті. Кездесуге ИЭМФ, ЖКФ, СҚФ студенттері қатысты . Студенттердің студияға деген қызығушылығы жеке тұлғаны дамыту мүддесінде психологиялық білімге деген қажеттіліктен туындады.

Бірінші тақырып студенттерді ҚарМТУ-дың оқу процесіне бейімделуіне арналды. Тренингке қатысқан студенттер өзін таныстыру тәжірибесін алды, оқу процесіне бейімделуде, құндылық-мотивациялық саланы қалыптастыруда көмек алды. Тренингтегі жұмыс екі тілде жүргізілді: қазақша және орысша. 

Отырысты өткізуге Е — 19-2 топ кураторлары Лустов Н.С., Лог-19-2 Тусупбекова Е.К., С-17-2 Ахметов Б.Б., ГМУ-19-1 Куаныштаева Г.А. ,  ОДЖ тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары,  Оспангалиева М.Т. жәрдемдесті.

Әлеуметтік-психологиялық студияның екінші отырысы 2019 жылдың 3 қазанында өтеді.

Без рубрики