2019 жылы 7 қыркүйекте ҚарМТУ-дың әскери кафедрасының мәжіліс залында әскери кафедра бастығы полковник М. И. Дарманқұловтың жетекшілігімен жаңадан оқуға түскен студенттердің ата-аналарымен ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысты өткізу барысында ата-аналарға кафедраның басшылық құрамы ұсынылды. Әскери киім кию ережелері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығының талаптары түсіндірілді. Жиналыс соңында взвод үшін жауапты офицерлер (топ кураторлары) ата-аналарға оқу жағдайын және басқа да ұйымдастыру мәселелерін егжей-тегжейлі жеткізді.
Студенттердің ата-аналарымен өзара ынтымақтастық әскери тәртіпті нығайтуға, әскери істі игеруде жетістіктерге қол жеткізуге және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге өз үлесін қосатынына үлкен сенім білдіремін!