Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында біз біздің басты кәсіби мерекеміз — «Отан қорғаушылар күнін» атап өтеміз!
1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл күнді тойлау қазақстандық жауынгерлердің жаңа дәстүріне айналды. Қазақстанда Отан қорғаушылар күні — 2012 жылдың көктемінен бастап мемлекеттік мереке. Бұл күн қазақстандықтардың ерлік жылнамасын және Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Бұл мереке ел ішінде де, одан тыс жерлерде де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыруға бағытталған.
Осы жылы Қазақстан халқы мен бүкіл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығын тойлайды. Бүгін, осы қасиетті күнді атап өтіп, біз нацизмді жеңуді орасан зор екенін тағы да түсінеміз. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз осы қара күшті женгеніне мақтан тұтамыз. Бұл адамзат тарихындағы ең қанды және ең қатал соғыс болды. Жиырма миллионнан астам адамның өмірі кетті. Олардың қатарында біздің бақытымызға, біздің тәуелсіздігімізге жол салған қазақстандықтар да болды. Сондықтан бүгін, қаза тапқан жауынгерлерді еске ала отырып, біз майдандағы және ұлы халқымыздың тылда ерлік пен еңбекке деген ұлы таңданыс сезімдерін көрсетеміз. Егер сол Жеңіс болмаса, бүгінгі күн де болмас еді. Сондықтан да біздің ардагерлерге деген құрметіміз бен көзқарасымыз олардың ерліктері сияқты шын мәнінде ұлы болуы тиіс.
Бұл мемлекеттік мерекелер біздің университеттің әскери кафедрасында да атап өтілді. Салтанатты жағдайда үздік оқытушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды, ал әскери кафедрада оқитын ерекше көзге түскен студенттердің ата-аналарына әскери кафедра басшылығы атынан алғыс хаттар табыс етілді.