Фестивальдің мақсаты — Қазақстан халықтарының арасындағы достықты нығайту, этносаралық және ұлтаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, сондай-ақ, мәдениеттер араластығын өзара байытуы, өз кезегінде қазақстандық мәдениеттің және жалпы тарихтың үздіксіз тізбегінде байланыс ретінде сезінуге мүмкіндік беретіндігіне бағыттау, насихаттау.ҚМТУ кітапханасы тарапынан кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Алғы сөзбен ИТФ деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Е Самашова сөз алды.Фестивальға этномәдени бірлестіктердің өкілдері қазылар алқасы ретінде қатыстырылды: Рзаев Г. В. — «Намус» Әзірбайжан ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі; Сатретдинова С.З. — Қарағанды облысы «Идел» татар-башқұрт мәдени орталықтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі; Сафарова З.Б. — «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» этно-мәдени қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Фестивальға кафедра оқытушылары өз топтарымен келесі этникалық топтарды дайындады: Қазақтар және әзірбайжандар — жетекшісі т.ғ.к., доцент Сулейменова М.Ж; түріктер — жетекшісі т.ғ.к., доцент Касимова С.С.; ұйғұрлар — жетекшісі т.ғ.м., аға оқытушы Нурлигенова З.Н.; өзбектер — з.ғ.м., аға оқытушы Абдрахманова А.А.; татарлар — г.ғ.м., оқытушы Жумаканова Ф.Д; қырғыздар — т.ғ.м., оқытушы Орынбекова Р.Ж.Байқауға қатысушылар өздерінің таңдаған этникалық топтарына қатысты бейнероликтерін, ұлттық киімдерін, сәндік-қолданбалы өнер түрлерін, ұлттық нақыштағы ән-билерін және фольклорын, салт-дәстүрлерін көрсетті.Фестиваль аяқталғаннан кейін қазылар алқасы кафедра меңгерушісі Сағатова А.С. төрайымдығымен сайысқа түскен топтардың жұмыстары қорытындылады. Белсенділік танытқан топтарға Гран-при, 1,2,3 дәрежелі дипломдар және «Үздік ұлттық киім», «Үздік ұлттық биі», «Үздік сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойнша марапаттау рәсімдері табыс етілді.Фестиваль қызықты, әрі әсерлі өтті. Қаьысушы қауым Қазақстан аумағында тұратын халықтардың мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрптарымен танысты. Халықтар достығы — бұл құнды байлық деген ортақ қорытынды жасалынды.