Тақырыбы: Астана – Президенттің орындалған арманы,үйлесімдік пен жайлылық мекені.
Өтетін күні: 18.10.2018ж. сағат 15:55 Ауд:430 бас корпус
Мақсаты: Студенттерді жаңа альтернативті, творчестволық,ерекше идеяларқұруға, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.Студенттердің ізденушілік, зерттеушілік әрекетін дамыту, дағдыландыру.
Еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет алу. Мұнда түрлі деңгейде өткен халықаралық іс-шараларымен таныстыру.Студенттерді елін, жерін сүюге, туған жерін мақтан тұтуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Қолданылатын әдістер: Модерация әдісі, «Үш қадамды сұхбат» әдісі Тақырыптық сергіту ойыны.
Құрылғылар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, мультимедиялық колонкалар.
Қатысушылар: ФИТ-18-1(СИБ) тобының студенттері.
Кураторлық сағаттың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 — кезең(еркін және сенімді атмосфера жасау)
Куратор: Сабақтың тақырыбы, мақсатымен,жоспарымен таныстырады.
Осы тақырып бойынша студенттерден қысқаша сұрақ-жауап жүргізіледі.
- Қазақстанның астанасы болған қалалар? 2.Астана жалпы қай жылы астана болды?
3.Жалпы Астана қаласының астана болуы Қазақстан Республикасы үшін не әкелді?
Астананың даму тархы туралы бейнеролик көрсетіледі (3 мин).
ІІ. Негізгі бөлім
2 – кезең (талқылаудың тақырыбын немесе мәселесін анықтау және тұжырымдау)
Куратор: Топты 2-ке бөлу. Материал таратылады. Пікірталас өткізілу қадамы түсіндіріледі.(2мин).
- 3 кезең(шағын топтарда тақырыптарды талқылау және нәтижелердің жалпы презентациясы)Топ мүшелері Астанадағы маңызды ғимараттар туралы дайындап келген жұмыстарын (сурет) талқылап,пікірталас ойын ретінде өткізу. (12 мин.)
ІІІ. Сергіту кезеңі: Куратор:
Астананың көрікті жерлеріне, ғимараттарына саяхат жасау.
Бұл кезеңде екі топтың студенттері ұяшықты таңдап, сол ұяшықта көрсетілген бейне бойынша Астанадағы ғимарат атауларын табу. (10 мин) Куратор:
Дәстүрлі “Ханталапай” ойыны арқылы тарихқа саяхат жасау.
Бұл кезде екі топтың студенттері ойынға қатысып асықтарды шерте отырып ұпай жинайды. Шерте алмаған топ берілген үяшықтардағы сұрақты таңдап ұпайын толтырады.(14 мин)
ІV. Политинформация: СтудентРоззаков Ф.
Оқу орнымызға Өзбекстаннан білім алуға келген студенттердің Қазақстан, Астана туралы пікірлерін біліп, “ЭКСПО-2017” көрмесі туралы пікірін айту. (2 мин)
- 4 кезең(жұмыс нәтижелерін жалпылау және нақтылау)
Куратор: Өткен тақырыпты қорытындылайды.Студенттер “Астананың болашақтағы көрінісі», «Менің арманымдағы астана», «Келешекте Еліміздің қарыштап дамуына қосар үлесім” туралы өз фантазиясымен салған суреттерін көрсетеді. (3мин)
- 5 кезең(жұмыс қорытындысын жасау және әсерлерімен бөлісу)
Өткен тақырыпты қорытындылау. Қай топ жеңіске жеткені туралы хабарлау.(4мин)