Студенттерге келесі тақырыптар ұсынылды:
* «Жастар денсаулығы – Болашақтың стратегиялық ресурсы • »;
* «Спорт-қазақстандық жастардың өмірлік қажеттілігі»;
* «Отбасы-жастардың тірегі. Шаңырақ-жас отбасының тірегі»;
* «Сыбайлас жемқорлық – университеттік ортада жол берілмейтін фактор».
Байқаудың мақсаттары:
— салауатты өмір салты мен спортқа дұрыс көзқарасты қалыптастыру;
— отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге құрмет көрсету;
— сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу.
Байқауға барлығы 15 жұмыс ұсынылды. 150-160 адам қамтылды.
Бейнероликтер келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- Бейнероликтің ерекшелігі (100% авторлық);
- Тақырыпты толық ашу;
- Роликті қатысушылардың міндетті түрде дыбыстауы;
- Қатысушылар саны;
- Бейне түсіру сапасы;
- Регламентті сақтау (3 минуттан 6 минутқа дейі).
Осы критерийлер бойынша ең үздік деп танылып, «Спорт-қазақстандық жастардың өмірлік қажеттілігі»тақырыбындағы ГИК-18-1 тобының ролигі (жетекшісі – аға оқытушы А. А. Ақынжанова) 1ші орынға ие болды.
2-ші орын АиУ-18-3 тобына берілді (жетекшісі-аға оқытушы Касенова Н. А.), роликтің тақырыбы – «Жастар денсаулығы – Болашақтың стратегиялық ресурсы».
3-ші орынды бірден екі топқа беру туралы шешім қабылданды:
НД-18-2 тобы (жетекшісі — аға оқытушы Т. В. Тимохина), тақырыбы «Отбасы-жастардың тірегі. Шаңырақ-жас отбасының тірегі»;
ТТ-18-2 тобы (жетекшісі-оқытушы Тажибаева С. М.), тақырыбы «Спорт-қазақстандық жастардың өмірлік қажеттілігі»
Кафедраның ТЖ бойынша жауапты аға оқытушы Тунгушбаева Б. К.