Дөңгелек үстел бойынша есеп «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 

«Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасы Дөңгелек үстел бойынша есеп

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» 

 

Өткізген күні: 15/04/2019                        уақыты: 13:00-14:00 Өткізілген орын: корпус/ауд.: 1 ғимарат, 167 аудиториясы Қатысушылар: ФИТ-18-1(СИБ), ФИТ-17-1 тобы студенттері Студенттер саны:25адам

Сараптамалық анықтама:Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.«Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының оқытушылары бірінші және екінші курс студенттер арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»атты Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған шараға кафедраның басқа да кураторлары студенттерімен белсене ат салысты. Дөңгелек үстел барысында аудитория да Рухани жаңғырудың 6 бағыты көрсетілгенплакатпен, сөзжұмбақпен безендірілді. Дөңгелек үстелдетоп студенттері тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісіп талқыға салды. Тақырыпқа сай сөзжұмбақты жарыса отырып шешті. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды қарастырды.

 

Іс-шараның мақсаты келесі аспектілерді қамтыды:Дөңгелек үстел өткізу мақсаты студенттердің қоғамдық салаларға белсене араласуын жетілдіру, өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік беру, бір-бірлерімен сабақтан тыс уақытта достық қарым-қатынас орнату, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру, бәсекелік қабілетін арттыру, өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы маңызды.

 

Атқарылған жұмыстың нәтижелері:Осындай шараларстуденттерден жоғарғы деңгейдегі дайындықты талап етеді, өздірін ашуға мүмкіндік береді, өз ойларын дұрыс жеткізуге тәрбиелейді, бойларына ұлттық құндылықтарды сіңіруге жол ашады. Кураторлар мен студенттердің қоғамдық шаралар арқылы    белсенділігін    арттырады.Қорыта    келгенде,Мемлекет    пен    ұлт

 

құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенеміз. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс — біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.

 

БАҚ шақыру, ҚМТУ ақпараттық қызметі, блогерлер және т.б.:қарастырылған емес.

Жауапты ұйымдастырушылар : Жақсыбаева С.Р., Сулеймен А.Е., Кулбаева Л.Н.

 

Без рубрики