17 сәуір 2019 ж. патриоттық тәрбие беру ҒЗИ ИЭМФ ПОҚ-мен бірге «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жоба аясында өлкенің тарихи-мәдени мұрасы мен ішкі туризмді насихаттау мақсатымен «Долинка-Карлаг астанасы» атты экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында 1-4 курс студенттері сәулет ескерткіштері және тарихымен, тоталитарлық кезеңнің үнсіз куәгерлерімен танысты, қаза тапқан кеншілердің мемориалына және Карлаг тұтқындарының балалары жерленген «Мамочкино кладбище» мемориалдық кешеніне барды.
Мұражай 1933-1935 жылдары тұтқындардың күшімен салынған бұрынғы Карлаг НКВД Басқармасының ғимаратында орналасқан. Мұражай экспозициясы мұражайдың жерастындағы қабатында, бірінші қабатта және екінші қабатта орналасқан. Мұражай залдарында шынайы мұрағат материалдары, «өткен кезеңнің үнсіз куәгерлері»-жәдігерлері, сонымен қоса сол кездің фото суреттері ұсынылған. Келушілерге лагердің инсталляциясы өте қатты әсер етеді. Карцер, зындан, ерлер мен әйелдер камералары, бокс, азаптау камерасы мен ату камерасы – сол кездің жағдайымен қалпына келтіріліп жасалған және тұтқындардың сұлбаларымен толықтырылған.
Сол заманның шынайы жәдігерлері экспозициясы үлкен қызығушылық тудырды. Аталған экскурсия ПОҚ пен студенттерге терең әсер қалдырды.