«Бизнес және жастар: іске деген сөзден» атты дебат және бизнес-ойын


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға студент жастарды тарту бойынша шаралар кешенін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және салауатты өмір салты мәдениетін іске асыру аясында кафедрада 27 наурыз 2019ж. «Бизнес және жастар: іске деген сөзден»  атты тақырыпта дебат және бизнес-ойын өткізген болатын.

Оған ФИЭМ-16-1(ГМУ), ФИЭМ-18-4 (Марк) және Э-18-2 топтарының студенттері қатысты. Командалар өздерінің позициялары бойынша бөлінді. Бірінші топ «кәсіпкерліктегі тәуекел деңгейін төмендетуге болады» деген пікірді ұстанған. Екінші команда – «кәсіпкерлікте тәуекелдерден аулақ болу мүмкін емес». Пікірталас барысында студенттер диверсификация, жобаға қатысушылар арасында қауіп-қатерді бөлу (бірлесіп орындаушыларға қауіп-қатердің бір бөлігін беру), сақтандыру, хеджирлеу, қаражатты резервтеу, күтпеген шығындарды жабу сияқты тәуекелдерді төмендету әдістерін ұсынды. Сарапшылар екі команданың дәлелдерін талдап, команда көшбасшыларының ұсыныстары бойынша қорытынды жасады.

Бизнес-ойын студенттердің қарым-қатынасына және командадағы көшбасшысын анықтауға бағытталған. Ойын барысында төрт командадан, тек екі командадан студенттер анықталды, олар өздерінің көшбасшылық қасиеттерін белсенді көрсетіп, көшбасшылыққа шықты. Ойын соңында қорытынды жасалып, студенттерге сыйлықтар берілді.

 

Без рубрики