ҚарМТУ «Қазақ тілі мен мәдениеті» кафедрасында «Этнографиялық мұражайда» «Бабадан балаға» атты танымдық сабақ өтті


2019 жылдың 10 сәуірінде сағат 15 – 00 де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының жанындағы «Этнографиялық мұражайда» Жалпы халықтық Болашаққа бағдар  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты аясында «Бабадан балаға», (Ел аузынан) атты танымдық сабақ өтті. 

Мақсаты: Бабадан балаға ауыз екі мирас болып қалған ұлағатты, ғибрат аларлық шешендік сөздерді, жыр – толғауларды, жастарға ұғындыру, сол  өнегелі Ұлы дала фольклорынан  студенттерді өнеге алуға баулу.

Танымдық сабақты ұйымдастырып, өткізгендер: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары: ф.ғ.к., Н.Т. Нығметова, ф.ғ.к., Қ.М. Хамзина және аға оқытушылар — Г.С. Байпелова, М.Ә.Хасен, Ғ.М. Әбілқасов

 

 

Без рубрики