17 сәуір 2019ж 11:00 (611 кабинетте, 1 корпус)
тәрбиелік іс-шара:
«Интерактивті зияткерлік ойын, үш турда үш тілде, жоба әдісін қолдана отырып» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
студенттерді қамту (60 адам)
Мақсаты: мемлекеттік және шет тілдерін оқуға қызығушылығын арттыру, халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.
Аяқталу көрсеткіші: Жаңа гуманитарлық білім алу, шет тілі мен ана тілдерін білу, зияткерлік конкурстардың жүлдегер-студенттер санын арттыру, кафедраның және ЖОО-ның тәрбие іс-шараларына қатысатын ПОҚ және студенттер санының өсуі.
Жаңғырту принципі, студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы, Қазақстанның эволюциялық дамуы.
Іс-шараға жауаптылар:
«Шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі, доцент, п.ғ.к. Д.Д. Джантасова, кафедра оқытушылары — Изотова А.С., Ботаева А.У., Токумбаева А.А., Тентекбаева Ж.М., Расулиева С.К.
Ойын пішімі
- 1 курс 3 студенті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы 3 тілде айтады (презентация арқылы)
«Рухани білім» ойыны 3 тілде өтеді, 5 команда сұрақтарға жауап береді (формат «Своя игра» 4 санат бойынша 6 сұрақ: «Туған жер», «Sacred geography» , «Modern Kazakhstan culture”, «100 жаңа тұлға»).
Жюри- «Шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі, «Шет тілдер» кафедрасының ПОҚ
Іс-шара соңында грамоталар жеңімпаздарына және барлық қатысушыларға табысталады.