«Жаңа материалдар» ғылыми-зерттеу институты
ҒЗИ «ХжХТ» кафедрасының профессоры М.К. Ибраевтың жетекшілігімен «Бактерияға қарсы, қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсері бар табиғи заттар негізінде азол қосылыстарын синтездеудің тиімді әдістерін әзірлеу» бастамалық тақырыбын жүзеге асыруда. Жұмыстың мақсаты – биологиялық әсері бар табиғи заттар негізінде құрамында азот бар гетероциклді қосылыстарды синтездеудің тиімді әдістерін жасау. Жұмыстың нәтижелері және олардың жаңалығы классикалық синтез, микротолқынды және ультрадыбыстық белсендіру жағдайында пиразолин және оксазолин туындыларын алу әдістері мен синтезінің оңтайлы шарттарын әзірлеуде, сонымен қатар синтезделген заттарды компьютерлік биоскринингтен өткізуде. Потенциалды биологиялық белсенді азолдарды дайындаудың әзірленген әдістері жаңа биологиялық белсенді заттарды әзірлеу және қосылыстардың осы кластарын синтездеуде практикалық қолдану үшін ұсынылады.
Жұмыстың маңыздылығы жаңа заттарды синтездеудің оңтайлы әдістерін жасауда, олардың құрылымын орнатуда және олардың биологиялық белсенділігін тексеруден тұрады.