«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасындағы республикалық пәндік олимпиада өткізеді


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен кесте бойынша 2019 ж. 18 — 19 сәуір аралығында 5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XI республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізеді «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері».

Жоғарыда көрсетілген пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиада қазақ, орыс тілдерінде жасалған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

Олимпиадаға қатысушылардың тапсырмаларды орындауын бағалау әр пән бойынша жеке балмен жүзеге асырылады. Әр пән бойынша тапсырмалар 100 баллмен бағаланады.

Олимпиадаға мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының, күндізгі оқу бөлімінің 3-4 курс студенттері қатыса алады. Қатысушылар саны бір ЖОО-дан 3 адамнан аспауы тиіс.

Олимпиадаға қатысу үшін іссапар шығындары (келу, кету, тұру, тамақтану) жіберуші ЖОО есебінен төленеді.

Команданы тиісті ЖОО-ның басшысы алып жүреді.

Олимпиадаға қатысушылардың өзімен бірге жеке куәлігі, студенттік билеті, іссапар куәлігі болуы қажет.

Олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін студенттерді ұсыну кезінде жоғары оқу орны ҚарМТУ-ға келесі құжаттарды жібереді:

  • олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі, ол хаттамамен ресімделеді;
  • XI республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға өтінім (әр қатысушыға толтырылады).

ХІ Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысу құжаттарын 2019 жылдың 9 сәуірінен кешіктірмей электронды мекен-жайға kargtu.ttls@gmail.com жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы

100027, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік Бульвары, 56;

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, кафедра

«Көліктік техника және логистикалық жүйелер» I оқу ғимараты, 3 қабат ауд. № 318.

Тел. 8 (7212) 56-56-32 қосымша 2049, факс: 8(7212) 56-03-28.

е-mail: kargtu.ttls@gmail.com

Олимпиада үйлестірушілері

Абдрахманов Мирхат Сүйіндікұлы, тел. 8 701 900 72 45

Дүйсенбаев Ермек Шуиншібекұлы, тел. 8 700 365 84 64

Қүжаттар

Без рубрики