2019 жылдын 18-19 ақпан аралығында Ұлттық ғылыми зерттеу Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті құрылғанына 120 жылдық айтулы мерейтойын атап өтуде. Бұл қомақты күн көп нәрсеге міндеттейді. «Политех» ең алғашқы күннен бастап осы уақытқа дейін жоғары білікті, өнеркәсіп үшін сұранысқа ие инженерлердің кең ауқымы бойынша мамандықтар дайындайды.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Кеңесұлы Ибатов мерекелік іс-шараға тек қана құрметті қонақ ретінде ғана емес, сондай-ақ Жоғарғы оқу орындарынаң серіктес ретінде де қатысты.
Мерейтойлық мерекелік іс-шарадан басқа бұл іс-шара елдер арасындағы жоғары білім берудегі сенімді серіктестіктерді одан әрі стратегиялық дамыту, халықаралық ынтымақтастықты жақсарту, инновациялық бизнесті дамыту және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін бірқатар мәселелерді анықтады.
Сапар барысында жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.