ҚР Білім және ғылым министрлігі Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚХР Білім министрлігі арасында жасалған білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқуға және тағылымдамадан өтуге конкурс жариялайды. Осы жылы ҚХР үкіметі Қазақстандық студенттер үшін 122 грант бөліп отыр.
- Аталмыш гранттар туралы ақпарат http://www.campuschina.org/ сайтында орналастырылған.
- Мамандықтардың және жоғары оқу орындарының тізімін http://www.campuschina.org/universities/categories.html сайтынан көруге болады.
Грант келесі шығыстарды қамтиды:
- тегін оқу;
- жатақханада тұру;
- ай сайынғы стипендия бакалавр үшін 350$, магистрлер үшін 400$, докторлар үшін 450$;
- тілдік курстар (қытай тіліндегі оқу бағдарламасын таңдаған жағдайда);
- медициналық сақтандыру.
Талаптары:
- Үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болулары тиіс;
- Білім деңгейі және жас мөлшеріне қойылатын шектеулер:
- бакалавриатқа үміткерлердің орта білімі туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс.
- магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс.
- докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс.
- тағылымдаман өтуге үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 45 жасқа дейін болуы тиіс.
- ғылыми тағылымдамаға үміткерлердің магистрлік не одан жоғары дәрежесі немесе доцент және одан жоғары ғылыми атағы, сондай-ақ жас мөлшері 50 жасқа дейін болуы тиіс.
Ескертеміз!!! Құжаттарды тапсыру уақытында оқуды аяқтамаған үміткерлердің ағымдағы үлгерімі жайындағы анықтамасында оқуды аяқтау күні (мерзімі) көрсетілуі тиіс.
Қытай сайтында онлайн-тіркелу және құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі – 2019 жылғы 15 ақпанға дейін.
Құжаттар қабылдау мерзімі аяқталғаннан соң 15 күн ішінде сұхбат түрінде конкурстық іріктеу жүргізілетін болады, соның ішінде Skypе арқылы онлайн түрде.
2019 жылдың 5 наурызынан бастап сәуір айында қытайлық тарап іріктеу жүргізеді.
Құжаттарды онлайн және қолма-қол тапсыру қажет!!!
1. Оnline өтінім беру
2. Өтініш
ҚХР өтінім формасын толтыру бойынша нұсқаулық
1 — ҚАДАМ
1.Online-өтінім беру.
ҚЫТАЙДЫҢ СТИПЕНДИАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҮМІТКЕРЛЕР МІНДЕТТІ ТҮРДЕ http://www.campuschina.org/ ОНЛАЙН ТІРКЕУДЕН ӨТУЛЕРІ ҚАЖЕТ.
Өтінім берушілер онлайн-сауалнаманы толтырған кезде ағылшын немесе қытай тілінде қажетті құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеуі қажет НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
- әрбір кандидат ең көп дегенде 1 бағдарламаны (мамандықты) және 3 университетті таңдай алады;
Қытай Үкіметінің стипендиясына оnline-өтінім № 1-қосымшаға сәйкес ағылшын немесе қытай тілінде толтырылады;
Online-өтінім толтыру барысында «Agency Number» графасына «3981» және «Program Category» графасына «Type A» деп көрсетуді міндетті түрде назарға алыныз. Өтінімді толтырған соң, оны басып шығарып, үміткер өз қолын қоюы қажет. Қате толтырылған өтінімдер қабылданбайды.
!!!Онлайн-өтінімді толтырудың ҚАДАМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫН жүктей аласыздар
2 — ҚАДАМ
- Құжаттар құжат тігілетін папкіде 3 данада ұсынылады:
— 2 пакет құжат ағылшын немесе қытай тілінде (1түпнұсқа,1 көшірмесі)
— 1 пакет құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде (1 түпнұсқа);
- Құжаттарды келесі мекен-жай бойынша тапсыру қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-ші қабат, 507-каб.
Ағылшын немесе қытай тілдерінде тапсырылатын құжаттар:
- Стипендиалық бағдарламаның Online-өтінім үлгісі (толық толтырылған, басып шығарылған және үміткердің қолы қойылған, 3х4 фотосуретімен);
- Білімі туралы құжаттар:
— «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – аттестатты қосымшасымен немесе негізгі орта білім туралы анықтаманы қосымшасымен, ағымдағы жылға (11-ші немесе 12-ші сыныптағы) білім алушының орташа балы көрсетілген ағымдағы үлгерімі туралы анықтамасын және табелді ағылшын немесе қытай тіліне аударып, нотариалды куәландырылған түрде тапсыру қажет.
— «Магистратура» бағдарламасы үшін — ағылшын немесе қытай тіліне аударылған және нотариалды расталған бакалавр/маман дәрежесінің дипломы қосымшасымен. Оқуын аяқтамаған үміткерлер жоғарғы оқу орнынан анықтама және соңғы семестрдегі үлгерімі бойынша транскрипт тапсыруы қажет;
— «Докторантура» бағдарламасы үшін – ағылшын немесе қытай тіліне аударылған және нотариалды расталған, магистр дәрежесі бар диплом қосымшасымен;
- Барлық үміткерлер уәждемелік хат (эссе) үлгісінде жазылған оқу жоспарын ағылшын немесе қытай тілінде ұсынуы тиіс (бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерден кем дегенде 200 сөз немесе иероглиф, тағылымдамаға кем дегенде 500 сөз немесе иероглиф, магистратура мен докторантураға кем дегенде 800 сөз немесе иероглиф);
- Магистратураға, докторантураға және ғылыми тағылымдамаға үміткерлер қытай немесе ағылшын тілінде профессор немесе доценттің атынан жазылған екі ұсыным хатты ұсынуы тиіс;
- Музыкалық білім алуға үміткерлер жеке шығармашылығын CD-дискіде ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, бейнелеу өнері мамандығына үміткерлер 2 эскиз, 2 түрлі түсті сурет және басқа да 2 жұмысының CD-дискін ұсынуы тиіс;
- 18 жасқа толмаған үміткерлер Қытай тарапынан қамқорлыққа алу келісімін растайтын құқықтық құжаттарды ұсынуы тиіс. (Үміткерлер Қытай университеттерімен байланысқа шығып, қамқорлыққа алу туралы келісуі тиіс);
- Медициналық анықтаманың көшірмесі (Foreigner Physical Examination Form, түпнұсқасы үміткерде сақталуы тиіс). Міндетті түрде №2-қосымша бойынша өту керек. Толық емес жазбалар немесе емдеуші дәрігердің қолы, аурухананың ресми мөрі жоқ белгілер немесе өтінім берушінің суреті жоқ болса, онда медициналық анықтама жарамсыз болып табылады.
- Өінім берушілер Қытай университетінен бар болған жағдайда, шақырту хатын ұсынуы тиіс;
- Шет тілі білімін растайтын сертификат (HSK), бар болған жағдайда;
- Паспорттың көшірмесі (үміткердің деректері бар тек алғашқы беті).
Мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырылатын құжаттар:
- шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы №3-қосымшаға сәйкес болуы керек;
- жеке бас куәлігінің немесе паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған болуы шарт). Түпнұсқалары тексерістен соң үміткерге қайтарылады;
- шет тілін білетіндігін растайтын сертификаттың көшірмесі (IELTS, TOEFL, HSK бар болған жағдайда), растау үшін түпнұсқасын қоса ұсыну керек;
- білімі туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі. Шетелдік дипломы бар болған жағдайда – білімі туралы құжатты мойындау немесе нострификациялау туралы куәліктің не болмаса білімі туралы құжатты мойындау туралы басқа құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі.
Білімі туралы құжаттар:
— «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – аттестат қосымшасымен немесе негізгі орта білімі туралы куәлік қосымшасымен, арнайы орта бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табелі немесе транскрипті бар, білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе арнайы орта білімі туралы дипломы қосымшасымен, орташа балы кем дегенде 5,0-ден 4,0;
— «Магистратура» бағдарламасы үшін – бакалавр/маман дәрежесінің дипломы қосымшасымен немесе білім алушының ағымдағы жылдағы үлгерімі туралы транскрипті бар мәртебесі туралы анықтама, GPA 4.0-ден 3.0;
— «Докторантура» бағдарламасы үшін – магистр дипломы қосымшасымен немесе білім алушының ағымдағы жылдағы үлгерімі туралы транскрипті бар мәртебесі туралы анықтама, GPA 4.0-ден 3.0;
**Ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманы ұсынған үміткерлер үшін жоғарыда көрсетілген балдарға орташа балы сәйкес болуы қажет
- құжаттарды тапсыру кезінде ағымдағы жылы берілген №4-қосымшаға сәйкес шетелге шығатын азаматтың 0/82у медициналық аңықтамасы;
- таңдаған оқу бағыты бойынша халықаралық немесе республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
- транскрипт немесе шетелдік жоғары оқу орнының шақыртуы (бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарына өз бетімен түскен немесе оқитын тұлғалар үшін). Сонымен қатар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аударма қамтамасыз етіледі;
- бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелердің тізімі (Докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
- «жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, шетелдік тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсылық көрсетілмеген медициналық қорытындыға сәйкес мүгедектер және мүгедек балалар, көп балалы отбасыға жататын балалар» санатына тиесілі фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы тексерістен соң үміткерге қайтарылады);
- заңды өкілдің (ата-ана, асырап алушылар, қамқоршы немесе тәрбиеші, асырап алушы ата-ана) шет елге оқуға жіберуге жазбаша келісім хаты (18 жасқа толмаған үміткерлер үшін).
Үшінші тұлға арқылы құжаттарды тапсырған жағдайда, үміткердің атынан конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды ұсыну үшін берілген сенімхаттың нотариалды куәландырылған түпнұсқасы болуы керек;
Құжаттар дүйсенбіден бастап жұма күндері сағат 8:30-17:30 аралығында қабылданады.
Түскі үзіліс уақыты: 12: 30-13: 30.
Байланыс телефондары: +7 (7172) 76 90 69, 76 90 81, 78 90 88
E-mail: taimaganbetov@cip.bolashak.gov.kz;
Ескерту. *Құжаттар папкісі үшін 2 медициналық анықтама талап етіледі.
№ 2 Қосымшаны және № 3 Қосымшаны қараңыз.