2018 жылдың 10-желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне ҚР БжҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ұлттық жобалар басқарма басшысы Сағиева А.Х. іссапармен келді.
«Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесу барысында Сағиева А.Х. университеттің оқу – материалдық базасымен және студенттердің жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Сонымен қатар «Серпін» әлеуметтік жоба студенттерімен кездесу өтті. Аталған кездесуде өндірістік және диплом алды тәжірибеден өту жайлы, жұмысқа орналастыру, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Студенттер барлық сұрақтарға толыққанды жауап алды.