2018 жылдың 27 қарашасында «Рухани Жаныру» бағдарламасының «Қазақстанның қасиетті географиясы» арнайы жобасы аясында «Қарағанды облысы бойынша Киелі жерлер Картасы» атты ойын-викторинасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты — облыстың мәдени нысандарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге қызығушылық таныту.
Іс-шара барысында студенттер тақырыппен басылымдар мен бейнелерді зерттеу арқылы танысты. МЕТ-18-1 тобының студенті Бермұратов Асқар Қарағанды облысының Киелі жерлері туралы баяндама жасады. Бұл тақырып студенттер арасында қызығушылықты тудырды, студенттер өзара сұрақ-жауап алмасып, баяндама талқыланды. Іс-шараның соңғы кезеңінде облыстың рухани қасиетті жерлерін білу бойынша викториналық ойын болды.
Іс-шараға 54 адамнан тұратын машина жасау факультетінің бірінші курс студенттері қатысты.Нәтижесінде облыстың тарихи және рухани мұрасы туралы білімдерін нығайту, патриотизмді және олардың өз жерлерімен мақтану сезімін тәрбиелеу болды.