Жол-көлік факультеті
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы көлік және көлік техникасы саласында жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау және тәрбиелеу сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Жол-көлік факультетiнiң ғылыми қызметi, ғылымы кафедралардың бейiнiне сәйкес бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту ҒЗЖ-ның өзекті міндеттерін шешу үшін олардың шығармашылық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.
Факультетте мемлекеттiк бюджет және шаруашылық келiсiм тақырыптары бойынша жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарына назар аударылады.
Кафедралар Корпоративтік Университеттің кәсіпорындарына оқу және ғылыми сипаттағы мәселелер бойынша көшпелі кеңестерді тұрақты түрде жүзеге асырады.
Факультет кафедраларының жанында кафедралардың жетекші оқытушыларының ғылыми жетекшілігімен студенттердің, магистранттардың, докторанттардың қатысуымен студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.
Жыл сайын студенттер ғылыми тақырыптар бойынша дипломдық жұмыстарды орындайды, түрлі деңгейдегі конференцияларға және Республикалық СҒЗЖ конкурстарына белсенді қатысады, онда жүлделі орындар иеленеді. Магистранттар өндірістік кәсіпорындарда магистрлік диссертацияларды жазу бойынша ҒЗЖ және эксперименттік жұмыстар жүргізеді. Ғылыми үйірмелердің студенттері, магистранттары және докторанттары нақты өндірістік проблемаларды шешу бойынша шаруашылық-шарт жұмыстарына тартылады.
Факультет кафедраларының ғылыми жұмыстары:
- «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер»
- «Өнеркәсіптік көлік»
- «Қазақ тілі және мәдениеті»
- «Жоғарғы математика»