Астана қаласы үшін инновациялық шешімдіер конкурсында «Usunus» жобасымен ҚарМТУ студенттері бірінші орын және 500 мың теңге алды


27-28 қазанда Астана қаласында тағы да Smart Service хакатоны өтті. Конкурста 300-ден астам қатысушы бақ сынасты.

Біздің университетімізден құрамында ИС-15-1п тобының студенттері Жұлдыз Сакенова, Мұхтар Саден және Дидар Зарубек (АЕЖ кафедрасының меңгерушісі А.Ж. Амиров) бар «Rapid change» атты команда қатысты. Команда Астана қаласы инновациялық жағынан тартымды және жайлы болу үшін жаңа шешімдер әзірледі. Іс-шара Astana Innovation Challenge жобасы аясында стартап экожүйені дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мемлекеті мен бизнес қауымдастықтар арасындағы қарым-қатынасты орнатуға бағытталды.

Командалар алдына үш міндет қойылды:

  • ағымдағы жобаларды мониторингілеу және бақылау функциясын жүзеге асыратын мобильді қосымшаны немесе портал шешімдерін әзірлеу;
  • жеңілдіктер, жарнамалық акциялар, жәрмеңкелер және басқа да қалалық іс-шаралар туралы ақпараттарды топтастыру үшін, сондай-ақ кәсіпкерлерді тіркеу мүмкіндігі туралы e-commerce элементтері бар бірыңғай сауда торабын құру;
  • қоңыраулардың 109 қызметіне жылдамдатылған, тиімді және ашық режимде өңдеуге мүмкіндік беретін сандық шешім әзірлеу.

Біздің команда үшінші мәселе бойынша жұмыс істеді. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 25 топ құрылып, олардың ішінде финалға тек 10 команда ғана шығу керек болды. Сондықтан ұйымдастырушылар тарапынан crash test өткізіліп, нәтижесінде 10 финалист іріктелді. Біздің команда финалистер арасында еді. Сrash test барысында менторлар біздің жобамыздағы кемшіліктерді анықтауға көмектесті. Командаларға қателіктерін түзету үшін 2 сағат берілді.

Финалда барлық командалар осы хакатонның негізгі демеушілері алдында жобаларын қорғап шықты. Біздің команда 3 минутта әділқазыларға әзірленген бағдарламалық өнімнің маңыздылығын, адамдар өмірін жеңілдететінін және қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Осы критерийлердің арқасында қазылар алқасы ҚарМТУ-дың «Rapid change» командасына бірінші орынды және 500 мың теңге қаржылай сыйлық ұсынды.

 

Без рубрики