Куратор сағаты


Куратор сағаты

2018 жылдың 25 қыркүйегі күні  КА және ЕҚ кафедрасында Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласына арналған «Рухани жаңғыру» атты куратор сағаты өткізілді (Егемен Қазақстан, №70, 12.04.2017 г.).

Оған БЖД-16-2с, БЖД-16-2 топтарының студенттері мен Тау-кен факультетінің тәрбие жөніндегі орынбасары  Конақбаев Е.К., ҚарМТУ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Шарипов Н.Х., ҚарМТУ кураторлар кеңесінің төрағасы Смагулова Н.А., КАжәнеЕҚ кафедрасының доценті Қалиаскарова А.Ж., КАжәнеЕҚ кафедрасының доценті, т.ғ.к. Медеубаев Н.А., кафедра ассистенті Амиргалина А.Қ қатысты. Студенттер мен шақырылған қонақтарға тәрбиелік сағаттың таныстырылымы көрсетіліп, жиналған қауым Президент ұсынған қоғамдық сананы жаңғырту жолдары мен негізгі бағыттарын талқылады. Әңгіме барысында студенттер ұлттың ұлттығын сақтау, білім-ғылымды дамыту, шынайы бәсекелестікке қалай жету керек деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасты.

Без рубрики