«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.
2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жарияланады.
Қызметтерді көрсетудің күтілетін мерзімі келісімшартқа қол қойылған күнінен бастап 18 ай және міндетті түрде тілдік емтиханға дайындық және кем дегенде IELTS 5,5 және TOEFL IBT 72 көрсеткіштерімен тапсырумен, жалпы еуропалық тілдік біліктілік шкаласы бойынша elementary деңгейінен upper-intermediate деңгейіне дейін 3 деңгейді қамтиды.
Мүдделілік білдіру туралы ұсыныстар 2018 жыл 19 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін (Астана қ. уақыты) электрондық мекенжайға қабылданады: dipd_kstu@mail.ru және міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет: tto@fpip.kz.
Хаттың тақырыбын көрсету қажет: «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ТКК/ТТК ғалымдары және қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу»
Хатта компанияның түйіндемесін (еркін формада) және компанияда қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілік және тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу қажет.
Мүдделі консультанттар (тіл мектептері) қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Астана қ. уақыты) ала алады.
Байланыс деректері: ҚарМТУ
Мекенжай: 100027, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Бейбітшілік Бульвары, 56
Жауапты тұлғалар:
ИКҚД ДИРЕКТОРЫ – Бақтыбаев Нұрбол;
ТКК жетекшісі – Рақышев Әсет
Телефон: 87053149500; 87027202058
Электрондық пошта: dipd_kstu@mail.ru
Байланыс үшін: «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы
Мекенжай: Қазақстан, Астана, 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 41, 5-қабат, 508 кеңсе
Жауапты тұлғалар:
3-компоненттің аға менеджері – Өтеғұлов Алан
3-компоненттің менеджері – Мамбетов Қарасай
Тел.: 87172277127; 87172277130
Электрондық пошта: tto@fpip.kz