ҚарМТУ оқытушыларының біліктілігін жетілдіру “English Language for Specific Purposes” курсы


2018 жылдың 31 мамыры күні Шетел тілдері кафедрасында EFL оқытушысы Бенджамин Тэйлордың қатысуымен ҚарМТУ оқытушыларының біліктілігін жетілдіру “English Language for Specific Purposes” курсының аяқталуына орай қатысушыларға сертификат табыстау рәсімі өтті.

12/02 – 31/05/18  аралығында университеттің 23 оқытушысы  көптілді топтарда кәсіби пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша 4 айлық курсқа қатысқан болатын. Бұл курс ҚарМТУ-дың Көптілді білім беру концепциясы аясында жүргізіліп, шетелдік оқытушылардың көмегімен университет қызметкерлерінің біліктілігін халықаралық деңгейге көтеру мақсатын көздеген болатын.

Көптілді білім беруді ЖОО-ның білім беру жүйесіне енгізу білім ордаларының студенттерінің кәсіби потенциялын ұлғайтып, еліне, жеріне қызмет қылу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім беру ортасындағы көптілділік қазіргі таңда барлық оқыту мекемелерінің негізгі жұмыс аспектісіне айналып отыр. Ол жаңа білім беру моделін жасауға, тілдер мәдениетін жан-жақты меңгерген, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге бағытталады.  Үштілділік студент жастардың жаңа дүниетанымын қалыптастырып, әртүрлі халықтардың мәдениетін жақыннан білуге себеп болмақ.

Дәріс қатысушылары ағылшын тілін оқыту бойынша шетелдік әріптестері ұсынған әдістеменің жүйелілігін, түсініктілігін айрықша атап өтіп, алған білімдерінің оқытушылық қызметте ғана емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарында да тиімді болатынын айтты.

  • Аталған курс оқу орнын тәмамдайтын білім алушылар алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін педагог ретінде маған өте қызықты болды. Әрине, білім жолы – қиын жол, дегенмен, бұл салада  барынша сапалы  нәтижеге жету үшін  әрі қарай бар күшімді саламын, — дейді «Маркшейдерлік ісі және геодезия» кафедрасының оқытушысы Елена Алексеевна Олейникова.

Курстың соңында EFL оқытушысы, магистр  Бенджамин Тэйлор 4 айлық дәрістің өте қызықты өткенін, пікірталастар мен пайымды ойлар мен идеяларға толы, сонымен мазмұнды болғанын  атап өтіп, әрі қарай жалғастыруға тілек білдірді.

Сертификаттарды кафедра меңгерушісі Дамира Дулатқызы Жантасова, Бенджамин Тэйлор және аға оқытушы Динара Рашидқызы  Ахметова табыстады.

Без рубрики