Кездесудің мақсаты – «7-25-20» бағдарламасының «Әр отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бірінші басымдығы негізінде баспанаға ие болу шарттарын талқылау. Басқосуда «Тұрғын үй жинақ құрылыс Банкі» АҚ-ның қызметкерлері азаматтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту бағытында туындаған сұрақтарға жжауап беріп, қатысушыларға буклеттер үлестірді. «Нұрлы жер» бағдарламасының тармақтарын жеке-жеке түсіндіріп, банкте депозит ашу, несие алу үшін құжат жинау, Қарағанды (Жезқазған, Теміртау) қаласында салынып жатқан жаңа тұрғын-үй құрылыс объектілері жайлы әңгімеледі.
«7-25-20» бағдарламасының «Әр отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағыты бойынша банк ұсынып отырған «5-20-15» ипотекалық несиелік бағдарламасын түсіндіріп, оның негізгі шарты әкімшілік органдарда тіркелген тиісті кезек тәртібі, жаңа баспана алу және салынған депозитке тағайындалатын ұпай екендігін баяндады. Кездесуде оқытушылар тұрғын-үймен қамтамасыз ету, сатып алу және өзге де осыған қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті нұсқаулықтарға ие болды.