ҚарМТУ ұжымының қайырымдылық акциясы


2018 жылдың 10 мамыры күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы «Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар» факультетінде аға оқытушысы, PhD докторы Таңсәуле Серіковке қолдау көрсету мақсатында арнайы ашылған қайырымдылық акциясын тәмамдады.

Денсаулығы үшін күресіп, екі жылда жігіт  18 отаны басынан өткерген Таңсәуле Серіков жігіт жасалған емдік шаралардың ешқайсысы нәтижесін бермей, екі аяғынан да айрылады.  Алайда ол басына түскен қиындықтарға мойымай, ҚазҰТЗУ-да докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алады. Бұған дейін ол «Қазақтелеком» компаниясында   жұмыс жасап, басшылық қызметке  дейін де көтерілген. Сондай-ақ қосымша біздің университетімізде де оқытушылық қызмет атқарып, МАК-ның мүшесі болып,  педагогика саласында жұмыс жасады. Ал бүгінгі таңда оқытушы университетіміздің 1-корпусының 1-қабатында арнайы ашылған 115  Инклюзивті білім беру аудиториясында дәріс береді. Үш баланың әкесі.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы әріптесі Таңсәуле Серіковке қолдау көрсетіп, протез жасауға қажетті қаржының бір бөлігін жинау үшін кәсіподақ ұйымына қаражат тапсырды. Ал бірнеше кафедраның ұжымы  бір күнгі жалақыларын Таңсауле Ғабдыманапұлының есепшотына аударды. Сондай-ақ студенттер де осы шараға ат салысып, қайырымдылық мақсатында концерт, қолөнер, тағам көрмелерін ұйымдастырып,  қолдан келген қаржылай көмектерін аямады.

  • Менің білімімді қажетсініп, жас ұрпақпен тілдестіріп, арнайы аудитория ұсынып қызметімді жалғастыруға мүмкіндік берген білім ордасының басшылығына, оқытушы әріптемтеріме және студенттерге айтар алғысым шексіз, – деді Таңсауле Ғабдыманапұлы.

Әріптесімізге діттеген мақсатына жетіп, екі аяғынан тік тұрып, жанұясының болашағы үшін ұжымыздағы қызметін табысты жалғастыра беруіне тілектестік білдіреміз!

Без рубрики