ҚарМТУ-да студенттер арасында республикалық XVII және мектеп оқушылары арасында XI «Қытай тілі көпірі» байқауы өткізілді


2018 жылы 26 сәуірде ҚарМТУ-дың «Жастар әлемі» студенттер сарайында студенттер арасында республикалық XVII және  мектеп оқушылары арасында XI «Қытай тілі көпірі» байқауы өткізілді. Байқаудың биылғы жылғы тақырыбы – «Бір әлем, бір отбасы».  Университетіміздің қабырғасында алғаш рет өткізіліп отырған аталмыш байқау ҚарМТУ жанындағы Конфуций Институты тарапынан Қазақстан Республикасындағы ҚХР  елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

            Жыл сайын өтетін  Халықаралық «Қытай тілі көпірі» байқауының негізін қалаған Қытай тілін шетелдерге насихаттау мемлекеттік  кеңсесінің басқарушы тобы (Ханьбань). Біздің елімізде бұл байқау 16 жыл уақыт бойы өткізіліп келеді.

Байқауға республика аймақтарындағы университеттердің жанындағы Конфуций Институттарында (қысқа.КИ) тіл үйреніп жатқан  20 студенттер мен оқушылар қатысты. Олардың қатарына Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ,  Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ,   Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ және ҚарМТУ білім алушары енді.

Байқау бірнеше кезеңмен өтті, оның барысында қатысушылар жалпы қытай тілін меңгеру дәрежесін (ауыз-екі сөйлеу, грамматика), қытай тілін тәжірибеде кешенді қолдана білу шеберлігін көрсетті. Екінші кезеңде Қытай елінің тарихы мен мәдениеті бойынша танымы (ән, би, музыкалық аспап, каллиграфия, қылқаламмен жазу, қағаздан сурет қию өнері, ұлттық  спорт түрлері (у-шу, ай-цзи) мен жеке әртістік шығармашылығы бойынша жарысты.

Әділқазылар мүшелігіне Ван Цинпин – ҚР ҚХР бас  елшілігінің мәдениет бойынша елшісі, Ян Лэй – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуций Институтының қытай тарапының  директоры, Ван Чжэн – Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы Конфуций Институтының қазақ тарапының  директоры, Ли Цзяньхун – Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ Конфуций Институтының қытай тарапының  директоры және Ню Вэньцзюань – ҚарМТУ жанындағы Конфуций Институтының оқытушысы.   Жарыстың құрметті қонақтар ретінде  Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің қоғамдық дипломатия бөлімінің басшысы Ли Гуан, Цой Ген Қазақстан Республикасындағы ҚХР  елшілігінің атташесі  және  руководители елімізде жұмыс жасап жатқан өзге де Конфуций Институттарының басшылығы қатысты.

Төрешілер жеңімпаздарды жинаған балдарының ең көп саны бойынша анықтап, олар төмендегідей тізімделді. ЖОО студенттері арасында:

I орын – Әнел Төлеген, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жанындағы КИ студенті;

II  орынды – Алтынай Сейлова, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ КИ студенті  және Зарина Султанова ҚарМТУ жанындағы КИ студенті;

III орынды —  Ақмаржан Қыранбаева (Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ КИ студенті),  Наргизахон Муратова (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ КИ студенті)  және  Мадина Есеркенова  (Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ КИ студенті) бөлісті.

Мектеп оқушылары арасында:

I орын – Ақжан Бөкен (Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ КИ оқушысы);

II  орынды – Гаухар Кенес (Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ КИ оқушысы) және Ботагөз Мұхамеджан (ҚарМТУ жанындағы КИ оқушысы).

III орынды —  Гаухар Жумабаева, Александр Кузнецов (ҚарМТУ жанындағы КИ оқушылар) және             Елизавета Хисматуллина    (Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ КИ оқушысы) жеңіп алды.

Барлық қатысушылар — сертификаттар, ал бәйге иегерлеріне бағалы сыйлықтар: жеңімпаздарға – ноутбук, екінші және үшінші  орын иеленушілеріне  – ұялы телефондар, ал  үшінші орынды жеңіп алғандарға планшеттер тарту етілді.

Республикалық байқаудың жүлдегерлері І және ең жақсы нәтиже көрсеткен ІІ орын иегерлері  жарыс шартына сай Бейжің қаласында өтетін Бүкіләлемдік «Қытай тілі көпірі» байқауына жолдама алды. Сондай-ақ олар ҚарМТУ жанындағы Конфуций Институтында 1 семетр тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Без рубрики