ҚарМТУ-да «KSTU Speller 2018» көптілділік бойынша алғашқы жоғары оқу орны аралық конкурс өткізілді


2018 жылы 26 сәуірде ҚарМТУ-да бейтілді мамандықтағы студенттерге арналған  «KSTU Speller 2018» көптілділік бойынша алғашқы жоғары оқу орны аралық конкурс өткізілді. Алғаш рет өткізілген конкурс Ш.Қ. Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының құрылғанына 10 жылдығына және университеттің 65 жылдығына орайластырылды. 

  Конкурсқа Қарағанды қаласы жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің 1-3 курстарының бейтілді мамандықтарының 40 астам білім алушылары қатысты. Осының қатарына ҚарМТУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазтұтыну одағы ҚЭУ және «Болашақ» академиясының студенттері енді.

Конкурстың негізгі мақсаты студенттер жастардың үш – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқуға қызығушылықтарын арттыру, «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын дәріптеу болып табылады

Конкурсты ұйымдастырушы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Ш.Қ. Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы.

Конкурс екі кезеңмен өтті, осының барысында үш — қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша білімдері тексерілді. Бірінші турда студенттерге үш тіл арасында сөздерге жазбаша аударма жасау керек болды. Бірінші тур нәтижелері бойынша 10 финалист іріктелді. Екінші кезең тапсырмасына spelling (ағылшын алфавитінің әріптері бойынша сөздердің айтылуы), ағылшын сөзін орыс және қазақ тілдеріне ауызша аудару енді.

– «Мен осы конкурсқа қатысу себебім – өзімнің тілдерді білудегі ағымдық деңгейімді, сонымен қатар жақсартуға болатын аспектілерді тексергім және анықтағым келді. Менің мамандығым көбінесе заң, құқық қорғау қызметіне байланысты, алайда, шет тілдерін табыспен меңгеру маған лайықты мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, оның үстіне шет тілін үйрену – бұл кез келген жаста ойлау қабілетін жаттықтырудың тамаша тәсілі. Бұл сондай-ақ есте сақтау және ойлау қабілетін жақсартудың жақсы тәсілі», — дейді ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының  студенті Елнұр Рамазанов.

«Тілдердің үштұғырлығы» орталығы қызметкерлерінің құрамында төрешілер жинаған балдарының ең көп саны бойынша жеңімпаздарды анықтады:

I орын – Уразшаев Алиби Габитович, Қазтұтыну одағы ҚЭУ, «Әлемдік экономика» мамандығы.

II  орын– Аширбеков Канагат Самарович, ҚарМТУ «Тау-кен ісі» мамандығы.

III орынды —  Советова Кымбат Кайратовна, «Есеп және аудит» мамандығы, Қазтұтыну одағы ҚЭУ және Айғали Гүлдариға Нұрылдақызы, ҚарМТУ «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бөлісті.

Барлық қатысушылар — сертификаттар, ал конкурс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар мен грамоталар алды.

Конкурс соңында қатысушылар үшін Тұңғыш Президент мұражайы, Университеттің «Hi-Tech» аймағы, ҚарМТУ инновациялық жобалары көрмесі бойынша шолулық экскурсия жүргізілді, онда олар ЖОО-ның инфрақұрылымымен, әлемдік деңгейдегі зертханалардың, білім беретін инновациялық Орталықтардың қызметімен танысты. Қатысушылар үшін «MAESTASSUN» жас музыканттар тобы тарапынан тосын сый  әзірленіп, олар тыңдаушыларға гитара мен скрипкада әсем әуендер орындап берді.

ҚарМТУ-дың Ш.Қ. Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы  2008 жылы наурыз айында ашылғанын еске сала кетейік.

«Тілдердің үштұғырлығы» орталығы  университет студенттері мен қызметкерлері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде курстар жүргізеді. Орталық ғылыми-техникалық әдебиетті орыс тілінен ағылшын және қазақ тілдеріне жазбаша аударумен, БҰҰ Экономикалық Комиссиясының, ASIIN аккредиттау агенттігінің өкілдерімен,  Франция, Германия, Чехия, АҚШ университеттерінің серіктестерімен іс-шараларды ағылшын тілінде ауызша жүйелі аудармамен айналысады. Сондай-ақ осы Орталық Қарағанды ЖОО-ның студенттері үшін үш тілді саясат шеңберінде іс-шаралар жүргізеді.

Без рубрики