18 сәуір күні бас корпустағы 337 аудиторияда «Экономика және кәсіпорын менеджменті» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Еуразия банкі» АҚ-ның Қарағанды №4 филиалының атқарушы директоры Мүсіреп Мұратұлы Хасеновпен кездесу өтті.
Кездесуде мына мәселелер төңірегінде ой өрбіді:
— Қазақстанда банк жүйесінің құрылуы;
— ел экономикасындағы банк жүйесінің рөлі;
— банк сеторының несие портфелінің құрылымы және даму жағдайы;
— төлем карттары мен терминалдардың қолданылуы;
— екінші дәрежелі банктерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау: Ұлттық банк неліктен банктерді жойылудан сақтап қалуға тырысады?
— криптовалютаны сатып алудағы тәуекелдер және өзге сұрақтар талқыланды.
Кездесу барысында бүгінгі таңдағы қазақстандық банктердің қызмет ету ерекшеліктері,Елбасы ұсынған жаңа «7-20-25» тұрғын-үй сатып алу бағдарламасы бойынша жұмыс жасау шарттары жайлы әңгімеледі.