«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»


13 сәуірде Инновациялық технологиялар колледжі Ұлттық ғашықтар мерекесі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  күнін атап өтті. Мерекелік шараға колледж басшысы — Смағұлова Нұрбибі Әбсадыққызы бастаған оқытушылар мен студенттер қатысты. «Шынайы махаббаттың қос шынары» деп аталып, махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян хақына фильмнен үзінді көрсетілді. Қазақ халқының Ұлттық дәстүрінің биік шыңы – Қыз Ұзату салты сахналанды. Колледж студенттері Бегалиев Ернұр мен Қадырова Асыл «Махаббат диалогын» нақышына келтіре орындады. Студенттер  ғашықтық тақырыбындағы ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.

Без рубрики