2018 жылдың 30 наурызында Омск Мемлекеттік Аграрлы Университетінде (Ресей, Омск қаласы) жоғары геодезиялық білімнің 100 жылдығына орай Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ҚарМТУ атынан МІ және Г кафедрасының аға оқытушысы Кусаинова Айсұлу Амирхановна, ГиК-15-1 тобының студенттері Қайырқұл Айдана мен Амантаева Ляззат және ГиК-17-1 тобының студенті Сапар Азамат қатысты.
«Геодезия және қашықтықтан зондтау» секциясында ГиК-15-1 тобының студенттері Қайырқұл Айдана мен Амантаева Ляззат «Геоақпараттық жүйелер мен технологиялар» бағытында 1 орынға, ГиК-17-1 тобының студенті Сапар Азамат «Картография» бағытында 1 орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі аға оқытушысы Кусаинова А.А.