ҚарМТУ студенті Айбар Оразалы грэпплинг бойынша Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды


13 наурызда Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасында грэпплинг бойынша Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған жас спортшы Айбар Оразалымен баспасөз конференциясы өтті.

Қарағанды облысы бойынша аралас жекпе-жек, панкратион және грэпплинг спорты федерациясы өкілдерінің мәлімдеуінше, Қазақстан командасы 33 медальді, оның ішінде 12 алтын, 12 күміс және 9 қола жүлдені жеңіп алған. Грепплинг спортынан Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есеп бойынша еліміздің командасы бірінші орынға ие болды.

Университетіміздің Жол-көлік факультетінің ОП-14-3 тобының студенті  Айбар Оразалы Қарағанды облысының командасы құрамында сайысқа қатысып, 66 кг. салмақта екінші орынға, яғни,  күміс медельге ие болды.

Жас спортшыны жеңісімен құттықтаймыз!

Дереккөз: http://ekaraganda.kz/?mod=news_read&id=72725

Без рубрики