Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Ақпараттық хат
12-13 сәуір 2018 жылы
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру үшін жастар ғылымының қосқан үлесі» атты студенттердің республикалық ғылыми конференциясын өткізеді
Конференцияда келесі секциялар жұмыс істейді:
- Энергетика жэәне энергия сақтау
- IT- және Smart-технологиялар
- Автоматизация. Робототехника
- Ақпараттық-өлшем жүйелері және инфрокоммуникациялық технологиялар
- Геотехнологиялар
- Геология және геоақпараттық жүйелер
- Машина жасау
- Металлургиядағы инновациялар
- Көлік саласындағы инновациялар
- Жаратылыстану ғылымдары
- Гуманитарлық ғылымдар
- Экономикалық ғылымдар
- Химико-биологические науки
- Құрылыс және сәулет
- Кәсіпкерлік және маркетинг
- Кәсіби білім беру
Конференцияға қатысу үшін Қазақстан ЖОО-ның ғылыми жетістіктері бар студенттері және магистранттары шақырылады.
Баяндама тезистері конференция басталмас бұрын жарияланады.
Конференцияға қатысу үшін, сонымен қатар баяндама тезистерін жариялау үшін жинаққа деген сұранысқа орай ұйымдастырушылық жарнасы төленеді. Оның бағасы жазбаша жинақ үшін – 2000 теңге, электронды жинақ үшін (дискте) – 800 теңге.
Төлемді ҚарМТУ-дың «БанкЦентрКредит» АҚ банкінің Қарағанды филиалындағы есепшотына аударыңыз. БСН 000240004524, ЖСК KZ638560000000147366, БСК KCJBKZKX.
Төлем тапсырмасындағы «Төлемныің нысаны» жолында міндетті түрде «Студенттік конференцияға қатысу үшін» жазбасын жазып, автордың (қатысушының) Т.А.Ә. жазыңыз.
Конференцияға қатысу үшін өтінімді, баяндама тезистерін және төлем түбіртегін 2018 жылдың 15 наурызына дейін мына мекен-жайға жолдаңыз: 100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, ҚарМТУ (бас корпус, 2 қабат, каб. 224), конференцияның ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Моисеев Валерий Семеновичке тапсырыңыз.
Қосымша ақпарат үшін байланыс тел.: (8-721-2) 56-52-34; е-mail: nauka-2050@mail.ru
- «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру үшін жастар ғылымының қосқан үлесі» атты студенттердің республикалық ғылыми конференциясына қатысуға өтінім үлгісі
Баяндамашының Т.А.Ә. ()_____________________________________________
- Оқу орны, курс, тобы ____________________________________
- Ғылыми жетекшісінің Т.А.Ә., кафедра ______________________________
- Баяндаманың атауы_________________________________________________
- Секция (номір және атауы ) _____________________________________
- Байланыс тел., e-mail ________________________________________
- Мекен-жайы ___________________________________________________________
- Жинақ форматы: электронды/қағаз жүзінде (қажеттінің астын сызыңыз)
Қолы Күні
Тезиске қойылатын талаптар
Тезис бір немесе екі табицалар мен сызбаларды қосқанда А4 форматындағы толық бетте Word (.doc немесе .docx) форматында жіберілуі тиіс. Интервал – дара, әріптер гарнитурасы – Times New Roman, қаріптер көлемі – 14. Мәтіннің жиегі – 25 мм.
Баяндама тезисі мәтінінің электронды нұсқасы және төлем жайындағы құжаттардың көшірмесі бөлек-бөлек файл түрінде жіберілуі тиіс. Басқа қалалардан жіберілетін болса, электронды түрде қабылданады Файлдың атауында бас автордың тегі, ЖОО-ның қысқаша атауы және құжаттың атауы көрсетіледі. Мыс: Касымов, ҚарМТУ, Қасымов, ҚарМТУ төлем.
Баяндама авторларының саны (ғылыми жетекшіні қоспағанда) екі адамнан аспауы тиіс
Баяндама тезистерін рәсімдеу үлгісі
Касимов А.Т. — ҚарМТУ студенті (ГМ-15-1 тобы) Ғыл. жетекші.– т.ғ.к., доц. Жайсанбаев А.Р. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ГИДРОБӨЛШЕКТЕНУІ МҰНАЙ АҒЫМЫН СКВАЖИНАҒА ҚҰЙЫЛУЫН ЖЕДЕЛДЕТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ РЕТІНДЕ ………………………………….…..…. мәтін ………………………………………. ………………………………………………………………………………………….
|
Мәтін редакцияланбайды, түпнұсқасы жарияланады. Конференция жинағы бірден көшіріп басу әдісі бойынша жинақталады. Сондықтан материалдарды мұқият өңдеп, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды орындай отырып жіберулеріңізді өтінеміз.
Талаптарға сай келмейтін немесе мезгілінен кеш жіберілген баяндама тезистері, сонымен қатар ғылыми мәні жоқ жұмыстар жарияланбайды және қайта берілмейді.
Конференцияның ұйымдастыру комитеті