ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» атты іс-шарада студенттер арасында сауалнамалар жүргізілді. Студенттер «Жемқорлық» жайында өз пікірлерімен бөлісті. «Расымен де, жемқорлық бізді алға жетелемейді. Керісінше, жүйелі білім алуымызға кедергі келтіріп, ой-өрісімізді таяздатады» деп колледждің 1 курс студенті Бастами Аружан өз ойын білдірді.
Барлық топтарда осы тақырыптағы куратор сағаттары өткізілді. Колледж ішінен құрылған еріктілер клубы студенттермен кездесу ұйымдастырды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мағлұмат беріліп, студенттердің сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы авторлық өлеңдері оқылды.
Жемқорлықпен күрес қай салада болмасын жіті қадағалануы тиіс. Бұл мәселе Жоғарғы оқу орындары мен колледждерге де қатысты. Сондықтан біздегі білім ордасында да мұндай жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп тұрады. Студенттердің энтуизиазмі — бұл шараның маңыздылығын көрсетеді, яғни қазақстандықтардың шынайы өмір сүруі – біздің отанымыз – Қазақстан Республикасының көркеюінің, тұрақтылығының, және қоғамның қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Айзада Рахымжанова
Инновациялық технологиялар
колледжінің оқытушысы