1.03 кезеңде 01.04-ге дейін 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің шетел тілдер кафедрасы және В. И. Ленин атындағы Иванов мемлекеттік энергетикалық университетің ағылшын тілі кафедрасымен студенттер арасында «Экология — 2017» бірлескен жазбаша аударма байкауы өткізілді.
Аударма байқауы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (Қазақстан) мен В. И. Ленин атындағы Иванов мемлекеттік энергетикалық университеті(Ресей) арасындағы ынтымақтастық аясында өтті. Конкурс экология мәселеріне арналды.
Байқаудың мақсаты техникалық жоғары оқу орындарының студенттердің халықаралық ынтымақтастығы аясында сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыру болды.
Аударма конкурсының негізгі міндеттер:
— техникалық жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандар үшін тілдерді оқыту сапасын арттыру;
— танымдық қызметті жандандыру және студенттердің шығармашылық бастамасын дамыту;
— аударма қызметіне деген қызығушылықты ынталандыру және аударма саласында тәжірибе жинақтау;
— ағылшын тілінен және ағылшын тіліне жазбаша аударма дағдыларын жақсарту.
Конкурстың ұйымдастырушыларымен мақсаттарды, мерзімдерді, өту тәртібі және бағалау критерийлерін анықтайтын арнайы Ережені әзірледі. Конкурсқа қатысушылардың жұмысын сараптау комиссиясы берілген талаптарға сәйкес бағалады:
— аударманың нақтылығы ;
-аударманың коммуникативтік және стилистикалық дәлдігі;
— аударма тілінің нормалары мен ережелерін сақтау;
— аударма мәтінін дайындау.
Экология мәселелері бойынша мәтіндерді екі санатта аударудың бәсекелестік тапсырмалары екі номинациясын ұсынады:
1. Мәтінді ағылшын тілінен орыс тіліне аудару.
2. Мәтінді орыс тілінен ағылшын тіліне аудару.
Барлық талаптардың сақталуын ескере отырып, халықаралық сараптама комиссиясы аударма конкурсының жеңімпаздарын анықтады.
Орындары келесідей бөлінді:
«Мәтінді ағылшын тілінен орыс тіліне аудару» номинациясы
Орын | Аты-жөні | Университет | факультет | Топ | Жетекшісі |
1 | Казанцева Екатерина | ҚарМТУ | ФИТ | ВТ-16-2 | Изюмова Т.С.
|
2 | Ким Евгений | ҚарМТУ | ФИТ | ВТ-16-2 | Изюмова Т.С. |
3 | Демченко Алексей | ҚарМТУ | ФИТ | ВТ-16-2 | Изюмова Т.С. |
«Мәтінді орыс тілінен ағылшын тіліне аудару» номинациясы
Орын | Аты-жөні | Университет | факультет | Топ | Жетекшісі |
1 | Ким Евгений | ҚарМТУ | ФИТ | ВТ-16-2 | Изюмова Т.С.
|
2 | Казанцева Екатерина | ҚарМТУ | ФИТ | ВТ-16-2 | Изюмова Т.С. |
3 | Омаров Қайыргелді | ҚарМТУ | ФИТ | ВТ-16-2 | Изюмова Т.С. |