«Инженерлік ЖОО-ның халықаралық оқытушысы» біліктілікті жетілдіру курстарына жазылу жүргізілуде


Қазақстан техникалық мектебінің  әлемдік ғылым және білім қауымдастығындағы орнын нығайту мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Инженерлік ЖОО-ның халықаралық оқытушысы» біліктілікті жетілдіру курстары ұйымдастырылып, қазіргі уақытта  жазылу жүргізіліп жатыр.

Халықаралық инжернерлік педагогика қоғамында (IGIP, Австрия)  аккредиттелген ҚарМТУ-дың Инженерлік педагогика орталығы «ING-PAED-IGIP» куррикулумы негізінде мамандар дайындауды жүзеге асыруда.

Курс бағдарламасын жетістікпен тәмамдаған тыңдаушы ҚарМТУ жанындағы Аймақтық инженерлік педагогика орталығының  IGIP куәлігіне ие болады. Бұл IGIP куәлігі Халықаралық мониторингтік комитетіне «Инженерлік ЖОО-ның халықаралық оқытушысы» атағын алу үшін өтінім беруге негіз болады және егер үміткер  ұсынған IGIP RC IEP TPU нәтижесіне оң қорытынды берілген жағдайда курс тыңдаушысы халықаралық сертификатқа ие болып, IGIP «ING-PAED IGIP» тізімдемесіне алынады және оған «Инженерлік ЖОО-ның халықаралық оқытушысы» (ING-PAED IGIP)» атағы тағайындалады.

«Инженерлік ЖОО-ның халықаралық оқытушысы» (ING-PAED IGIP)» атағы:

  • Шетелде дәріс оқуға мүмкіндік береді (тек  «ING-PAED IGIP» иесі ғана дипломын қосымша дәлелдеуден өткізбей-ақ шетелде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мемлекеттік диплом алуды мақсат еткен  отандық және шетел мамандарын дайындау құқығына ие болады.
  •  IGIP  тарапынан ұйымдастырылатын ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға қатысу үшін төленетін жарнаның едәуір бөлігіне төлем жасаудан босатылады.
  • Автоматты түрде «ING-PAED-IGIP» тізімдемесіне енгізіледі.

Аталмыш тізімдеме инженерлік ЖОО-ның оқытушысының кәсіби құзіреттілігіне кепілдік береді және оның ел ішінде, сондай-ақ шетел мемлекеттерінде еркін кәсіби қызмет атқаруына мүмкіндік береді.

Бағдарламаның жалпы көлемі – 240 сағат.

Курстың өткізілу мерзімі:  19.02. – 13.04.2018 ж.

Талапкер курсқа cep.kstu@mail.ru e-mail мекен-жайына алдын ала өтінім жібергеннен немесе ҚарМТУ-дың инженерлік педагогика орталығына келіп тіркелгеннен кейін қабылданады.  (Қосымша 1) 1-корпус, № 531 ауд..

Оқыту құны 180 000 тг. Төлем тіркеуден кейін ұсынылатын банк шотының деректемелері бойынша беріледі.

Тіркелу үшін мына құжаттар ұсынылуы тиіс:

  1. Толтырылған тіркеу формасы (12.02.2018 ж. дейін)
  2. Келісімшарт 2  дана (15.02.2018 ж. дейін)
  3. Жеке куәлік көшірмесі (при регистрации)
  4. Базалық білімі жайлы дипломның көшірмесі (тіркеу кезінде)
  5. Төлем жайлы түбіртек (15.02.2018 ж. дейін)

Қосымша  ақпаратты мына телефондар бойынша алыңыздар:

8(7212) 56-52-33 (ішкі. 1112, 1117)
Тіркелу формасы

Без рубрики